Интернет нашар ауылдардағы студенттер сессияны қалай тапсырады - комитет төрағасының жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки интернет сапасы төмен ауылда тұратын студенттердің сессияны қалай тапсыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері комитет төрағасына «Кейбір оқу орындары сессия болмайды деп студенттерді үйлеріне жіберген. Енді сессия өтетін болып жатыр. Олар интернеті нашар ауылдарда онлайн-сессияны қалай тапсырады ?»,- деп сауал тастады.

«Бұған жауапты адамдар жақында барлығын түсіндірген болатын. Әр оқу орны сессияны өзінің оқу кестесіне байланысты ұйымдастырады. Жалпы, мұндай тәжірибе бізде коронавирус кезінде болды. Мен университеттер оны толық қамтамасыз ете алады деп ойлаймын», - деп жауап берді Дархан Ахмед-Зәки журналистер сауалына орай.


Соңғы жаңалықтар