18:17, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Интернет сауданың болашағы мол - "Лондон-Алматы" СК Басқарма төрағасы
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Интернет - сауда алаңы ретінде қарқынды дамып, жоғары өсімге қол жеткізе алады. Бұл "Лондон-Алматы" СК Басқарма төрағасының бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Интернет сауданың болашағы мол. Жақында Сингапурден оралдым. Мені ондағы интернет саудасының дамуы қатты қайран қалдырды. Таныстарыммен, әріптестеріммен сөйлескеннен кейін түйген ойым: интернет сауданың дамуы - интернеттің бар, жоқтығына емес сапасына байланысты ", дейді "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясының Басқарма төрағасы Ерғали Бегімбетов. Оның айтуынша, болашақта нарыққа кәсіби инвесторлардың келуімен сақтандыру компанияларының көрсететін қызмет сапасы да өсе беретін болады. Оған сауда алаңы ретінде интернеттің қосар үлесі өте қомақты.