Интернет желісі арқылы алаяқтық жасаған азамат сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жаңақорған аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған әйелге үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Интернет желісі арқылы алаяқтық жасаған азамат сотталды

Ол интернет желісі арқылы бірқатар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден біреулердің атынан ақша алған. Осылайша ол бір серіктестіктен 75 мың теңге алса, екіншісінен 50 мың теңгені қолды еткен.

«Сотта ол жасаған іс-әрекетін толық мойындады. Жәбірленушіден кешірім сұрағанын, келтірілген залал мөлшерін барынша қысқа мерзімде қайтарып беретінін жеткізген. Асырауында кәмелетке толмаған баласының бар екенін көрсетіп, өзіне бас бостандығынан айырмайтын жаза беруді сұрады. Сот үкімімен сотталушы ол 1  жылға бас бостандығы шектеу жазасы тағайындалды» деп жазылған аудандық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Әділжан Үмбет