16:17, 26 Қараша 2009 | GMT +5
Интернет желісінде Мұхтар Жәкішевтің қатысуымен болған әңгімеге қатысты арнайы тексеру жүргізіледі
АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бас прокуратура еліміздің интернет желісінде «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қатысуымен болған әңгімеге қатысты арнайы ішкі тексеру жұмыстарын жүргізу қажет деп тапты.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қажет болған жағдайда аталмыш тексерулердің қорытындылары бойынша тиісті заңдар негізінде процессуалдық шешім қабылданады. Ол үшін әрине тиісті деректер мен дәлелдер керек. Ал әзірге арнайы тексеру жұмыстарының нәтижелері белгісіз. Нәтиже болған жағдайда біз ол жөнінде көпшілікті хабардар ететін боламыз», деді ресми өкіл.