Интернет жылдамдығы төрт есе ұлғаяды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық ІВМ компаниясы пайдаланушылардың қосылу жылдамдығын бүгінгіден гөрі бірнеше есе қамтамасыз ететін технологияны ұсынды.

Интернет жылдамдығы төрт есе ұлғаяды

Бұл туралы РБК хабарлады.

1992 жылдан бастап күн сайынғы интернет-ағынының саны жиырма миллион есе өсті. Әлемдік желіде сақталатын ақпараттың саны үнемі өсу үстінде, сондықтан да кабельдердің өткізу қабілетін арттыру - ІТ-мамандардың бірінші кезектегі міндеттеріне айналды. ІВМ интернет-қосылыстарды секундына 200-400 гигабитке дейін шапшаңдататын жаңа чиптің моделін ұсынды. Сонымен бірге, ол қуатты энергия көздерін қажет етпейді.

Мәселен, осындай жылдамдықта 160 гигабайттық фильмді қас-қағымда - небәрі 2 секундтың ішінде жоғары сапада көшіріп алуға болады. Сондай-ақ 40 мың әнді жүктеуге де осынша уақыт жетеді.

Тағы бір айта кетерлігі, чип пайдаланушының компьютеріне немесе роутеріне емес, мәліметтер серверіне қосылады. Сондықтан да ештеңе сатып алудың да қажеті болмайды.

Әзірге чип алғашқы нұсқа ретінде болып отыр, кезі келгенде бұл технология желіге енгізілмек. Бір тапсырыс беруші қазірдің өзінде бар - ол Semtech компаниясы. Енді жақын уақыттарда «Ал сенің интернетіңнің жылдамдығы қандай?» деген сұрақ жайына қалатын болады.