Интернетке - 40 жыл

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат -  Бүгін Интернетке  40 жыл болды.  1969 жылы  қыркүйектің  2-сінде    Лос-Анжелестегі Калифорния  Университетінде Лен Кляйнрок зертханасының   20  зерттеушісі  екі  үлкен  компьютердің    сұр  төртметрлік  кабель арқылы   өзара   мәлімет  алмасқанын   алғаш рет  байқаған  болатын.

Интернетке - 40 жыл

«Арпанет»  аталған   желі    алғашқы қадамын осылай жасаған  болатын.  Бір айдан кейін    бұл  желіге  Стэнфорд   зерттеу  институты   қосылды.      Калифорния  Университеті мен  Стьэнфорд  институтының  арасында 1969   жылы қазанның 29-ында тарихта  алғаш  рет    өзара сөз алмасылды

Лен Клейнрок пен  оның    зерттеушілер  тобы    олардың  осы  бір еңбегінің    нәтижесі    орасан болатынын   білген жоқ шығар.   Әлеуметтік  желілер,   онлайн-ойындар, басқа да мүмкіндіктер   олардың түстеріне  де кірмеген шығар.  Бірақ та,    сол ғалымдардың еңбектерінің  арқасында  бүгінде 1,5 миллиардтан  астам  адам  Ғаламторды   пайдалануда.

Дегенмен, «интернет» сөзі    90-шы жылдары,   британдық   физик  Тим Бернерс-Ли  алыс қашықтықтардағы   ресурстар желісіне  қосылуға мүмкіндік беретін  таратушы  жүйе - World Wide Web «ғаламторын»  ойлап тапқаннан кейін ғана  кеңінен   қолданыла  бастады.

Қырғызстанда оқу ақысының қымбаттауына мораторий енгізілді
Ұқсас жаңалықтар

Қырғызстанда оқу ақысының қымбаттауына мораторий енгізілді