Интернетке қазақстандық жол полициясының беделін түсіретін бейнеролик орналастырған қырғызстандық жүргізуші тұтқындалды - ІІМ өкілі
Бұл туралы бүгін елордада ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
«А.Паленыйға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 320-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қыркүйектің 17-інде сот оны тұтқындауға санкция берді», деді ресми өкіл.
Қ.Жұмановтың айтуына қарағанда, қазіргі уақытта осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында бірқатар БАҚ Алматы қалалық жол полициясы басқармасы қырғызстандық жүргізуші Александр Паленый интернетке орналастырған бейнероликке байланысты қызметтік тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлаған болатын. Ол көлігін тоқтатып, машинаның капоты мен жүк салғыш бөлігін ашуын талап еткен жол полициясы қызметкерін камераға түсіріп алған. Осыдан кейін өзінің ұялы телефонынан полицияға хабарласып, ЖПБ қызметкерінің заңсыз әрекеті туралы хабарлаған.