Интернетте Астана аспанындағы «қосарланған» кемпірқосақ талқылануда (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 мамыр күні кеште Астана тұрғындары мен қонақтары елорда аспанында пайда болған «қосарланған» кемпірқосақты тамашалады. Нөсер жаңбырдан кейін табиғаттың тосын құбылысы интернет-пайдаланушыларының көңіл-күйін көтерген болса керек, желіде белсенді талқылау туғызды.
Кемпірқосақты Астана уақытымен 19:30-да көруге мүмкіншілік болды. Оның фотосуреттерімен «Астана - Кім? Не? Қашан?» тобының жазылушылары Facebook әлеуметтік желісінде бөлісті.
Біреулер «қосарланған» кемпірқосақты көргенін айтып, өз сөздерін суреттермен қуаттауға асықты. Сірә, табиғаттың осынау тосын сыйы бірнеше күнге жалғасқан нөсер жаңбырдан кейін жұртшылықтың көңіл-күйлеріне шуақты әсер қалдырған сыңайлы.