Интернетте Дубайда өртенген қонақ үй жанында селфи жасаған жастарды «2016 жылдың нақұрыстары» деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінде жас жұп жаңа жыл түні өртеніп жатқан қонақ үй тұсында түскен суретін «Қымбатты Дубай, жаңа жылыңмен!» деген жазбамен Инстаграм әлеуметтік желісінде жариялап, қалың көпшіліктің сынына қалды, деп жазады lifenews.ru.
None
None

Жастар қонақ үй отқа оранған тұста суретке түскен. Осы суретті әлеуметтік желіге салысымен Интернет қолданушылар, мұндай табалаушы суретті алып тастауға кеңес берді.
Твиттер әлеуметтік желісінде оларды «2016 жылдың нақұрыстары» деп те атап үлгерді. Желіні қолданушылар жастардың бұл қылығы үшін ұялғандарын жеткізген.

Соңғы жаңалықтар