08:02, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Интернетте экстремистік роликтер орналастырғаны үшін Испанияда ресейлік әйел тұтқындалды
МАДРИД. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Испанияда Интернетте ислам экстремизмін қолдаған және елде тәртіпсіздік жасауға үндеген бейнероликтер орналастырды деген күдікпен ресейлік әйел тұтқындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Испанияның Ішкі істер министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, 23 жастағы петерборлық Мария Чубина мен оның серігі, Гранада тұрғыны Кристиан Руис Коэльо елдің оңтүстігінде қамауға алынған. Бұл екі жастың мұсылман дінін ұстанатыны атап көрсетілуде. Тергеудің айтуынша, олар Интернетке «халықаралық жиһадты» насихаттаған 11 бейнеролик орналастырған.