Интернеттегі алаяқтарды сотқа берген жерлесіміз қаржысын өндірте алмады

Тауарды сатып алу Мәскеу қаласында жүзеге асырылуына байланысты, ол жерге мәмілені ресімдеу үшін тауарды сатушы М.Лавров келуі керек болған.
МоneyGram аударма жүйесінің мекен-жайы көрсетілмегендіктен, алушы оларды осы жүйенің кез келген қызмет көрсету пунктінен ала алады.
Мұндай жайттың күмән туғызатындығын естіген Ш. ақшаны аударған соң бес күннен кейін банкке ақша аударымын кері қайтару жөнінде жүгінген, алайда, банктен МоneyGram компаниясының Португалиядағы агенті аудармаларды алушыға бергені туралы жауап алған.
Ш. аударған ақшаны алу үшін адресатқа бірегей код номерін хабарламағанын көрсетіп, «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ-дан аударған ақша сомасын өндіріп алу туралы талап арызымен Ақтау қаласының №2 сотына жүгінген. Сонымен бірге, банк Португалияда бірегей кодсыз аударған ақшаны алуға болатынын оған ескертпеген.
Сот істі мәні бойынша қарап, талапкердің талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.
Бұл жерде алаяқтар «жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. бұйымдарды төмен бағамен сатамыз» деп уәде беріп, төлем қабілеттілігінің кепілі ретінде ақша сомаларын МоneyGram немесе WesterUnion жүйелері бойынша бірегей кодын көрсетіп, өз атына немесе туыстарының аттарына аударуды ұсынып, сенгіш азаматтарды алдаудың бір ғана жолын пайдаланған.
Жәбірленушінің келісімін алып, алаяқтар одан бірегей кодсыз банк құжатының көшірмесін сканерден өткізіп, электронды поштамен олардың мекен-жайына жіберуді сұраған.
Ш. ақшаны алған соң хабарсыз кеткен М.Лавровқа алданып қалған.
Португалия, Франция және т. б. елдерде ақша аудармаларын алу үшін бірегей кодтың қажеттігі жоқтығын атап өткен жөн.
Нақты іс бойынша банк ақша қаражатын жіберуші тарап ретінде ақша аудармаларын жүргізу ережелеріне сәйкес клиенттің МоneyGram жүйесі арқылы ақшаны аудару туралы нұсқауын орындаған.