Интернеттегі материалдардың «тілі» ашық текетіресті көздейді - Е.Тоғжанов

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАпарат - Ұлтаралық және дінаралық келісім тақырыбындағы Интернеттегі материалдардың «тілі» ашық текетіресті көздейді.

Интернеттегі материалдардың «тілі» ашық текетіресті көздейді - Е.Тоғжанов

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстандағы этноұлттық саясаттың ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Оның хабарлауынша, бүгінде Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары ұлтаралық және дінаралық келісім мәселесін ойдағыдай көрсетіп келеді. «Бірақ жүргізілген әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, ол материалдардың 20 пайызында астарлы мағына бар. Әсіресе, ол Интернет материалдарға байланысты. Ондағы «тіл» ашық текетіресті көздейді. Міне, осы мәселені жіті қадағалау қажет», - дейді Е.Тоғжанов.