Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Интернеттен тапанша сатып алмақ болған ер адам төрт жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернеттен Glock тапаншасы мен оған патрон сатып алмақшы болған Норильск тұрғыны төрт жыл, екі айға сотталды.

Интернеттен тапанша сатып алмақ болған ер адам төрт жылға сотталды

Бұл туралы ФҚҚ Красноярский өлкесі бойынша басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

«С.Н. Абрамов алдымен иір ойықты қаруға, артынша оған патронға тапсырыс берген. Қылмыскерді ФҚҚБ қызметкерлері сәлемдемені алу барысында ұстады. Сот оны айыпты деп танып, төрт жыл екі ай бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. 90 мың рубль айыппұл төлеп, жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейді», - делінген хабарлмада.

Сәлемдеме еуропалық елдердің бірінен жеткізілгені атап өтіледі.