Интернетті дамыту қазір мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып отыр - Нұрлан Измаилов
АЛМАТЫ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет заңдық негіз жасау арқылы қазақстандық интернетті дамытуға ықпал етуде.
Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан i-МІХ'12 интернет конференциясында айтылды.
«Бұл саланы дамытуда мына мәселелерге ерекше мән беру керек. Бірінші -білім беру, екінші - өзіндік технологиялар мен жасалымдар. Біз қазір мамандар дайындау мәселесі бойынша жоғары оқу орындарымен жұмыс жасап жатырмыз. Сондай-ақ ақпараттық технологияларды дамыту институтын құрдық. Келешегі зор бағыттар бойынша технологиялық серпіліс жасау үшін», - дейді «Зерде» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Измаилов. Оның айтуынша, қаржы институттарының бұл бағыттағы жұмыс аса белсенді емес. Сондықтан мемлекет пен жеке әріптесттік негізінде олар контентті дамыту қорын құрған. Мақсат - озық идеяларды жүзеге асыруға жол ашып, қаржы көздерін тарту. Бұл жалпы ішкі өнімдегі ақпараттық-коммуникациялар саласының үлесін арттыруға оң ықпалын тигізеді.