20:36, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Интернетті реттеу жөніндегі жаңа заң жобасы шынайы-либералдық нұсқа болып табылады - Қ. Есекеев
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің пайымдауынша, Интернетті реттеу жөніндегі жаңа заң жобасы шынайы-либералдық нұсқа болып табылады.
Ол бұл пікірін бүгін Астанада өткен www.bnews.kz бизнес порталындағы интернет конференцияда білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мәселен, Қытайда интернеттің 1 ғана провайдері бар. Ал, Франциядағы нұсқа қатаңдау, интернет ылғи да сүзгіден өтіп отырады. Бұл елде орта есеппен тіркеуден өткен 200 мың сайт бар. Оларға контентті сүзгілеу жасалады. Ал, америкада ? отандық бақылау бар, немесе мұны мектеп сүзгісі деп атайды», деді ол.Осы орайда Қ. Есекеев азамат ретінде контентті сүзгілеуді толығымен қолдайтынын атап көретті. Себебі ұлтшылдықты, өшпенділікті тұтандыратын сайттар бар. «Ал, инженер ретінде бұқаралық ақпарат құралдары сияқты интернетті де нарық, нарықтық өнім деп есептеймін. Егер ресейлік рунеттің рыногын алып қарайтын болсақ, онда жаңалықтардан тыс ресурстардың құны ? 3-4 млрд. долларды құрайды», деді ол. «Аталмыш жағдайдың оппонентері ? бұлар көптеген БАҚ. Мысалы, ақпаратты орналастырып және оған қатысты әрқилы сипаттағы түсініктемелер айтыла бастағанда, аудиторияның қызығушылығы арта түседі. Адамды жамандайтын ақпаратты орналастыруға модератордың құқығы болуы үшін онда интернет ресурстың иесі ретінде моральдық-этникалық құқық болуы тиіс. Пайдаланушыларға жұмыс беретін интернет-ресурс өзіне пайдаланушылары нені орналастырып жатқандығына жауапты болуы тиіс. Интернет ресурс қаншалықты жұмыс істеп отырғаны туралы саясат болуы тиіс», - деді ол.