Интернетті жаһан бойынша қайта қосу өкілеттігіне ие 6 адамнан тұратын топ құрылды

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Арнайы халықаралық комиссиясының шешімімен, Интернет желісі дүниежүзі бойынша істен шыққан жағдайда оны қайта қосу өкілеттігіне және арнайы кодтарға ие алты адамнан тұратын топ құрылды. Бұл туралы британдық ВВС радиостансасы хабарлап отыр.

Интернетті   жаһан  бойынша қайта   қосу   өкілеттігіне ие   6 адамнан   тұратын топ құрылды

Бұл топтың әр мүшесі, Интернет тоқтап қалған жағдайда, оны қайта іске қосуға мүмкіндік беретін код фрагменттеріне ие. Бұл код осы айда іске қосылған жаңа қауіпсіздік жүйесімен (Domain Name System Security Extensions немесе DNSSEC) қарастырылған. Бұл жүйенің ерекшелігі сол, технологиялық апат орын алғанда немесе телекоммуникациялық нысандарға лаңкестік шабуыл жасалғанда, ол ғаламторды жаппай сөндіруге мүмкіндік береді.

ВВС радиостансасының хабарлауынша, арнайы топ, төтенше жағдай орын алған жағдайда, олар жиналып, ғаламторды қайта іске қоса алулары үшін құрылып отыр. ВВС сондай-ақ, кілт фрагментіне ие адамдардың бірінің атын атады, ол - Англияның Бас қаласында тұратын және жергілікті университетте сабақ беретін Пол Кейн есімді азамат.