Интерпол Бішкекте жасырынып жүрген, адам өлімі үшін іздеу жарияланған қазақстандықты ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интерпол Бішкекте жасыырынып жүрген,қарақшылық шабуыл жасау мен адам өлімі үшін іздеу жарияланған қазақстандықты қолға түсірді.
Бұл туралы бүгін КирТАГ Қырғызстан Республикасының ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
2015 жылдың 16 сәуірінде Бішкекте жедел іздестіру шарасын өткізу кезінде жалдамалы пәтерде Интерпол желісі арқылы халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматы, 986 жылы Арменияның Абаянск ауданында туған Джаник Амоев ұсталды.
Аталған азамат ҚР ҚК 179 бабы 4 бөлімі «б» тармағында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін іздеуде жүрген. Ол қылмыстық топтың мүшесі болған. 2012 жылы 28 қазанда Д. Амоев Алматы маңында тұратын өз туысы К. Амоевты тонау мен өлтіру мақсатында бірнеше тұлғамен қылмыстық келісімге келген.
Д. Амоевқа 2014 жылдың сәуірінде Интерпол желісі арқылы халықаралық іздеу жарияланды.
Оны ұстаған кезде қарсылық білдіруге тырысқан.
Қазіргі уақытта ол Бішкек қаласындағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.