Интерпол Boeing 777 апаты құрбандарын тану үшін Украинаға дағдарыстық топты аттандырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық қылмыстық полиция (Интерпол) Украинаға жергілікті өкімет орындарына «Малайзия авиажелілерінің» Boeing 777 жолаушылар лайнері апатының құрбандарын анықтауға көмектесетін сарапшылар тобын аттандыруға әзірлеуде. 18 шілдеде ұйымнан хабарлағандай, мамандар таяудағы 48 сағаттың ішінде оқиға орнына келіп жетеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Интерпол Boeing 777 апаты құрбандарын тану үшін Украинаға дағдарыстық топты аттандырады

«Украин билігінің өтінішіне орай Интерпол қайғылы оқиға орнында шұғыл әрекет ету тобының жұмысын өрістетіп, «Малайзия аиажелілерінің» МН17 рейсінің құрбандарын тануға көмектеспек», - делінген ұйымның коммюникесінде. Интерполдан нақтылағандай, Украинаға аттанатын дағдарыстық топ құрамында өлген адамдарды тану саласындағы озық технологияны білетін сарапшылар келеді.

«Бұл қайғылы оқиғаның құрбандары жер шарының әр бөлігінен болуы ескеріліп, халықаралық ынтымақтастық маңызды факторға айналды, біз денелердің кімдікі екенін дәл тануды қамтамасыз етіп, оларды туыстарына тапсыру үшін жұмыс істейтін боламыз», - деді Интерполдың бас хатшысы Рональд Ноубл.