Интерпол Каддафиді тұтқындауға ордер берді

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Халықаралық қылмыстық сот прокуратурасы Муаммар Каддафиді, оның ұлы Саиф әл-Ислам мен ливиялық барлау қызметінің басшысы Абдулла ас-Сенуссиді тұтқындау жөнінде Интерполдың шешіміне қол жеткізді,

Интерпол Каддафиді тұтқындауға ордер берді

деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.

Порталдың мәліметтері бойынша, олардың бәріне адамзатқа қарсы қылмыстар, оның ішінде адам өлтіру бойынша айыптар тағылып отыр.

Каддафидің жасырынған орны әлі күнге белгісіз. Кейбір болжамдар бойынша, ол Нигерия, Алжир немесе Ливияның өзінде болуы мүмкін.