Инвестиция дағдарыс жағдайындағы экономика өсімі үшін қозғаушы күш болады ? Д. Витт

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Инвестиция дағдарыс жағдайындағы экономика өсімі үшін қозғаушы күш болады.
None
None
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан Еуразия елдерінің фискалды сарапшыларының бесінші Жыл сайынғы семинары барысында сөз сөйлеген Халықаралық салық және инвестиция орталығының директоры Даниэль Витт осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі басқосуға атсалыса отырып, біз дағдарыс жағдайында өз алдымызда тұрған перспективалар туралы әңгіме қозғай аламыз. Сондай-ақ, біз әрбір Еуразия елдері үшін өзіндік орны бар негізгі мәселелерді ашық түрде талқылайтын боламыз. Сонымен бірге, жиын нәтижесінде алдағы уақытта қандай шара әзірлеу қажеттігін терең талқылап, салық төлеушілер мен инвесторлардың өзара түсіністігін арттыру мақсатында қай мемлекетте қандай қадамдар жасалуы керектігіне назар аударатын боламыз», деді басқосудың ашылу барысында сөз сөйлеген Д. Витт. Оның айтуынша, семинарға қатысушылар ең алдымен Үкімет пен инвесторлар арасындағы баланс теңдігін қалыптастыру мәселесіне баса назар аударатын болады. «Инвестиция әрбір мемлекеттің гүлденуі мен экономикалық өсімі үшін қозғаушы күш бола алады. Сол үшін де дәл осы инвестиция мәселесі мемлекеттерді дағдарыстан сәтті алып шығуға септігін тигізеді. Бұл мәселе 1998 жылдары да өзекті ретінде көрініс тапқан еді. Сондықтан да, инвестиция тартымды болатын саясат ұстанудың қазіргі күні де экономикаға тиісті серпін беретініне, дағдарыстан гүлденуге ұмтылу үшін жағдай қалыптастыратынына сенімдімін», деді Д. Витт.
Соңғы жаңалықтар