Инвестиция тартудан алға озған екі өңір анықталды -АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылдың бірінші жартыжылдығында азық-түлік саласына инвестиция тарту бойынша Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары алға озды. Бұл туралы Астанада «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумында тілшілерге Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бірінші жартыжылдықта азық-түлік өндіруде инвестиция көлемі 31,6 млрд теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға өсті. Инвестиция бойынша елеулі өсім Солтүстік Қазақстан облысында (5,4 есе) және Оңтүстік Қазақстан облысында (5есе) байқалды. Өсімдік шаруашылығында ағымдағы бірінші жартыжылдықта инвестиция көлемінің артуы 61 пайызды, ал мал шаруашылығында  27 пайызды құрады», - деді Исаева.

 Вице-министрдің атап өтуінше, шетелдік инвесторларға ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу бағыты қызығушылық тудырып отыр, яғни бұл бағытта өсім қарқыны 5,2 пайыз. Осы орайда ұн мен ұннан жасалған және ет өнімдері, шұжық, жартылай фабрикат, консервілік өнімдер қамтылуда.

  «Бұл өз кезегінде Қазақстан шикізатқа бай екенін білдіреді. Атап айтқанда, қазіргі заманғы қайта өңдеу өндірістерінің санын арттыруда барлық мүмкіндіктерге иеміз. Осы арқылы экспортқа өңделген өніммен шығуға жағдай бар», - деді министрдің орынбасары. 

Соңғы жаңалықтар