Инвестиция үшін тартымды әлем қалалар анықталды

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Инвестиция үшін тартымды әлемнің таңдаулы қалаларының рейтингісінде Лондон бірінші орынға ие болды, деп хабарлады  ИТАР-ТАСС.

Инвестиция үшін тартымды әлем қалалар анықталды

Дегенмен БРИК елдерінің (Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай) позициясы нығайып келеді. Бұл орайда Мәскеу 8-орынға табан тіреді.

"Кей-пи-эм-джи" консалтинг компаниясы мен Үлкен Париж инвестициялық агенттігі даярлаған баяндамаға сәйкес британ астанасы шетелдік инвестициялар үшін неғұрлым тартымды болып отыр.

Екінші және үшінші орындарға рейтингіде қытайлық ірі қаржы орталықтары - Шанхай мен Гонконг шығып отыр. Ал бразилиялық Сан-Паулу тізімнің 4-ші жолында, өткен екі жыл ішінде мұнда инвестициялар көлемі 160 пайыз артты.

«Қалаларға инвестициялардың жаһандық мониторингі» баяндамасына сәйкес рейтингінің алғашқы «бестігіне» Лондон, Шанхай, Гонконг, Сан-Паулу, Нью-йорк кіріп отыр. Жаһандық инвестицияның 50 пайызы бүгінде әлемнің 22 жетекші мегаполистерінің үлесінде.