Инвестиция және даму вице-министрі тағайындалды
С.Т.Тоқтабаев 1981 жылдың 26 қазанында дүниеге келген. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының түлегі. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Геология және барлау» мамандығы бойынша оқып, тәмамдаған. 2003 жылы мемлекеттік қызметке келген, 2006 жылы Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне қарасты «Қазгеоинформ» мемлекеттік мекемесі жетекшісінің орынбасары, «Таукен-самұрық» ұлттық тау кен компаниясында департамент директоры қызметтерін атқарған.
Вице-министр қызметіне тағайындалмастан бұрын, ҚР Инвестиция және даму министрлігі жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры қызметін атқарған. 2016 жылдың қаңтарынан бастап осы министрліктің этика жөніндегі уәкілетті адамы болып келеді.