Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесіне қандай өкілеттіктер беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа кеңеске қандай өкілеттіктер берілетінін Үкімет отырысында Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен құрылған кеңестің құрамына негізі мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, сот пен күштік құрылымдардың өкілдері кіреді. Кеңес ірі және орта инвесторлардың мәселелерін қарастырып, сол бойынша шешім қабылдайды. Кеңеске ерекше салық режимін, кен орындарын ұсыну (инвесторларға - авт.), шетелден жұмыс күшін тарту үшін жеңілдіктерді, жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылым жүргізу секілді өкілеттерді беру - инвесторларды тарту мәселелерін жедел түрде шешу мүмкіндік береді», - дейді Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің айтуына қарағанда, қазіргі инвесторлармен жұмысты күшейту және проблемалық сұрақтарды шешу үшін Үкімет басшысы Асқар Маминның инвестициялық омбудсмен болып тағайындалуын қолдайтынын жеткізді.

«Жалпы, ұсынылған инвестицияларды тарту жұмысын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс атқарып жатқан инвесторларды жоғалтпауды, жаңа инвесторларды тарту туралы тапсырма қойғанын атап өткім келеді. Министрлік инвестицияларды тарту бойынша барлық жұмысты үйлестіруді жалғастырады», - дейді Бейбіт Атамқұлов.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде Премьер-Министр Асқар Маминның төрағалығымен елімізде инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылғанын хабарлаған едік.

Алдағы уақытта Инвестициялар бойынша жауапты шешімдерді Үйлестіру кеңесі қабылдайтын болады.

Соңғы жаңалықтар