Инвестициялық тарифтер бойынша қызмет көрсететін субъектілер саны екі есеге артты - ТМРА
«Экономиканың монополиялық секторын мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту, энергияны үнемдеу, энергия ресурстарын, оның ішінде электр энергиясын және суды үнемдеу мәселелері агенттік жұмысының стратегиялық бағыты болып табылады. Бүгінгі күні агенттік 1 мың 632 реттелетін қызметтерді көрсететін 1 мың 80 табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асырады. Оның ішінде су кәрізі жүйесі саласында - 867, электр энергиясы саласында 469, мұнай мен газ тасымалы саласында - 52, көлік саласында - 244 субъектілер қамтылып отыр. Бұдан басқа, 400 доминанттар мен 15 мемлекеттік монополиялар субъектілердің қызметі де агенттік арқылы реттеледі», деді агенттік төрағасы.
Оның айтуынша, реттелетін секторлардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижесінде салада біршама алға жылжушылықтар орын алған. «Мәселен, ағымдағы жылғы 9 айдың ішіндегі инвестициялық тарифтер бойынша қызмет көрсетілетін субъектілер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 27 табиғи монополиялар субъектісін құраған. Осылайша, тұтынушылар үшін тарифтер тұрақтылығы активтерді жаңғырту, инвестиция салу есебінен қызметтердің сапасын көтеру есебінен қамтамасыз етіліп отыр», деді Н. Алдабергенов.