Инвестициялық жобалар бойынша бақылау күшейтіледі – Қаржы министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізу мәселесі жаңа Бюджет кодексінде қарастырылады. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарастыру кезінде Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инвестициялық жобалар бойынша бақылау күшейтіледі – Қаржы министрі

«Өңірлердің бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне қатысты жеке тоқталып өтейін. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарына сәйкес, бюджеттің атқарылу мониторингі дұрысталады және нәтижелерге қол жеткізу, әсіресе инвестициялық жобалар бойынша бақылау күшейтіледі. Сондықтан біз бұл мәселелерді мүдделі мемлекеттік органдармен қосымша пысықтайтын боламыз», - деді Е. Жамаубаев.

Мұнымен қоса минисмтр квазимемлекеттік сектор мәселесіне тоқталды.

«Қазіргі кезде Үкімет Дүниежүзілік банкпен бірлесіп квазимемлекеттік секторды реформалау бойынша кешенді жұмыс ескерілген. Олар ОЭСР озық тәжірибелері мен стандарттарына сәйкес келеді. Нәтижесінде тиімді, ықшам және ашық квазимемлекеттік сектор қалыптасатын болады.

Бұл ретте дивидендтік саясат та қайта қарастырылады. Квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізу және олардың есептілігіне қатысты мәселе жаңа Бюджет кодексінде қарастырылады», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр былтыр мемлекет өзінің әлеуметтік және басқа да міндеттемелерін толық көлемде орындағанын айтты.