Инвестиялық жобаларды жасаған кезде өнім мен қызмет түрлерін ұсынатын компаниялардың үлесін нақтылау керек - Қазақстанның мұнайгаз саласындағы Мердігерлер қауымдастығы кеңесі

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат / Ерлік Ержанұлы/ - Инвестициялық жобаларды жасаған кезде өнім мен қызмет түрін ұсынатын шетелдік және отандық компаниялардың үлесін нақтылау керек. Оны Қазақстанның мұнайгаз саласындағы Мердігерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қайрат Әлмұхаметов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қашаған» кен орнын игеру жобасының бюджеті 136 миллиард долларды құрайтыны қазір баршаға аян. Оның көлемі ел бюджетінен де жоғары болып отыр. Алайда бұл қаржы Ұлттық банктің капталдық шоттарына емес, Нидерландыда тіркелген офшорлық компанияларға түседі. Валюталық қаржы сол жақтан шетелдік мердігерлердің шотына аударылады. Егер шетелдік инвестиция Ұлттық банк шоттары арқылы өтетін болса, орасан зор бұл қаражат теңгенің бағамын тұрақтандыруға ықпал етер еді», дейді Қайрат Әлмұхаметов. Оның айтуынша, мұнайгаз саласындағы ресурстар қиын жағдайда экономиканы қолдауға жеткілікті дәрежеде. Мұнай бағасының 40 долларға дейін азаюы да оған айтарлықтай қауіпті емес. Өйткені халықаралық мұнай компаниялары бизнес жоспар жасаған кезде бағаны 25 долларға дейін түсіреді. Бұл мұнай кен орнын барлау мен өндіру үшін рентабелді.«Біз шетелдік инвестицияны игеруге отандық компанияларды тартудағы қазіргі іс-шараларды жеткіліксіз деп санаймыз. Шетелдік инвесторларға жобаға қанша отандық, қанша шетелдік компанияларды тартуға болатыны айқындалмаған. Біз қазір шетелдік инвестор өзімен бірге ондаған, жүздеген шетелдік компанияларды алып келіп жатқанын көріп отырмыз. Олардың белгілі бір бөлігі жасанды компаниялар. Шетелдік инвесторлар отандық компанияларды түрлі көрсеткіштер бойынша әртүрлі сылтаумен инвестицияны игеру кезінде ойыннан шығарып тастайды. Ал олар қолданатын жұмыс үдерісінің отандық компаниялардан айырмасы жоқ. Мәселен, құрылыстағы өндірісті олар «matter statement» немесе іскерлік ұсыныс деп атайды. Сол себепті бізге өз ережесімен келіп, өзгелерді осы ойынға қатысуға мәжбүрлейді. Ал оның талаптарын үйреніп үлгермеген жергілікті компанияларды ойыннан шығарып, олардың орнына сырттан өзге компанияларды кіргізеді. Сол себепті басқа өркениетті елдер шетелдік инвесторлар келген кезде олардың өз елінің заңымен жұмыс істейтінін бірден ескертеді. Сондай-ақ онда шетелдік компаниялардың үлесі нақты белгіленген. Сондықтан жоба жасалып жатқан кезде-ақ олар жергілікті мамандарды өздерінің жұмыс жүйесіне оқыта бастайды», дейді Қазақстанның мұнайгаз саласындағы Мердігерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қайрат Әлмұхаметов. Оның айтуынша, олар осыған орай өздеріне шетелдік инвесторлармен қазақстандық үлесті айқындау үшін келіссөз жүргізу құқын беретін мәртебе беруді сұрап отыр. Осы арқылы құрылыс нарығындағы жүздеген, мыңдаған жұмыссызды мұнайгаз саласында жұмысқа орналастыруға мүмкіндік тудырмақ. Бұл әлемдік дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы тығырықтан шығаруға тың серпін береді деп санайды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум