Инвесторлар алдындағы мемлекеттің барлық міндеттемелері мен кепілдері толық орындалады - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Инвесторлар алдындағы мемлекеттің барлық міндеттемелері мен кепілдері толық орындалады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инвесторлар алдындағы мемлекеттің барлық міндеттемелері мен кепілдері толық орындалады - Президент

«Қазақстанда тікелей шетел инвестициясын тарту үшін барлық жағдай жасалған. Біз қолайлы инвестициялық ахуалдың сақталғанына мүдделіміз. Мемлекет ішкі және шетелдік инвесторлардың сенімін қайта қалпына келтіру үшін қажетті барлық іс-шараны қабылдайтындығына сендіргім келеді. Инвесторлар алдындағы мемлекеттің барлық міндеттемелері мен кепілдері толық көлемде орындалатын болады. Дәл осы кезеңде ESG – жаһандық энергетикалық және технологиялық ауысу талаптарының күшеюі жағдайында елдің тартымдылығын арттыру үшін инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы қажет», - деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.