Инвесторлардың арасында салық жеңілдгін сұрап отырғандар бар – Ерұлан Жамаубаев

АСТАНА. KAZINFORM - Инвесторлардың арасында салықтық жеңілдіктер сұрап отырғандары бар. Бұл туралы Президент кеңесшісі, Ерұлан Жамаубаев айтты.

Ерұлан Жамаубаев
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Өздеріңіз білесіздер, мұнайдың да, газдың да қазіргі игеріліп жатқан кен орындары ескірген. Жаңадан инвестиция тарту үшін біраз қаражат қажет. 1-2 млрд-пен шектелмейді, ондаған млрд долларды қажет ететін кен орындары бар. Теңізге кіру керек. Ал Теңіздің оңай еместігін білесіздер. Қондырғы орнату, қазба жұмыстарын жүргізу қажет. Сондықтан ірі компаниялар тарапынан жетілдіктер сұрап жатқандары бар. Ол жасырын емес», - деді Ерұлан Жамаубаев бүгін өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай

Оның атап өтуінше, қазірі уақытта Мәжілісте талқыланып жатқан жаңа Салық кодексінде инвесторларға жеңілдік беретін нормалар көзделген.

«Дегенмен, бәріне бірдей жеңілдік беріп қоймаймыз. Бұрынғы қабылданған шарттарды қайта қарастырып, оларды созатын болсақ Қазақстанға қолайлы шарттар жасасамыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар