Инвесторларды кабинеттер арасында сандалтуды доғару керек - БҚО әкімі

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Инвесторларды кабинеттер арасында сандалтуды доғару керек. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгінов мемлекеттік және жекеменшік серіктестігін дамыту бойынша аудандармен өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, өңірде қазірдің өзінде апатты үйлердің орнына жаңа үйлер салу, балабақшалар құрылысын жүргізу, «Ақылды қала» бойынша бейнекамералар орнату сияқты нақты 10-ға жуық жоба бар. «Кәсіпкерлердің талабы мен құжаттар жағынан дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеміз деп мемлекеттік органдар төрешілдікке жол беріп жатады. Қай салаға болмасын қаржы салуға ниетті кәсіпкерге өзіміз көмек беруіміз қажет. Кабинеттер арасында бос сандалтып қоймаңыздар», деді өңір басшысы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына.

Айта кетейік, Орал қаласында мемлекеттік және жекеменшік серіктестігі аясында апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу жұмыстары басталып кетті. Өткен ғасырда бой көтерген 2 қабатты ескі үйлердің орнына пәтерлерінің аумағы кең 9 қабатты тұрғын үйлер салынбақ.

«Құрылыс компаниялары салған көп қабатты тұрғын үй алдымен бұзылған үйдің пәтер иелеріне берілетін болады. Ал қалған пәтерлерді мердігер компания өздері қала тұрғындарына сатады. Инженерлік желілерді тарту мен абаттандыру жұмыстарын біз мойнымызға аламыз. Өткен жылды қоса есептегенде, осындай апаттық жағдайдағы он үйдің орнына жаңа үйлер бой көтеруде. Жалпы, облыс орталығында апатты жағдайдағы 41 тұрғын үй бар, оларда 1500 адам (300-ден астам отбасы) тұрады. Алдағы үш жыл ішінде кезең-кезеңімен сол үйлерді жаңалаймыз деп жоспарладық», - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Облыс орталығындағы бұл жұмыстар аудандарға да қозғау салып отыр. 

Сонымен қатар облыс орталығында мемлекет және жекеменшік серіктестігі аясында 550 млн. теңгеге 200-ден аса бейнекамералар орнатылмақ. Бұл «Қауіпсіз қала» бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Қуат үнемдеу мақсатында «Жайықжылуқуат» АҚ мен «Батыс су арнасы» ЖШС-ның ескірген қондырғыларын жеке инвесторлар есебінен жаңарту көзделуде.

Аудан басшыларының жобаларын тыңдаған облыс әкімі Алтай Көлгінов: «Айтқандарыңыз, әрине, құлаққа жағымды естіледі, алайда нәтижелі жұмыс керек. Әрбір аудан нақты жобаларын бекіту қажет, Орал мен Ақсай қалаларында жобалар одан да көп болуы тиіс», деді.   
null 

Соңғы жаңалықтар