Инвесторларды тарта отырып «Астана - жаңа қала» АЭА жобаларын жүзеге асыру 64 млрд. теңге жергілікті бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Бүгінде Астана елдің барлық қалалары соған қарап дамып, бой түзейтін эталонға айналды. Нақ осында «ақылды қала» элементтері алғаш енгізіле бастады, Қазақстанның жаңа өнеркәсібін дамыту осы жерден басталды.
None
None

Елорда барлық инвесторлардың бірлесе отырып, болашақтың қаласын салуға бүкіл мүмкіндікті ұсынып отыр. Жеке бизнес үшін заңдық тұрғыда енгізілген жалпыреспубликалық преференциялардан басқа, Астана тиімді инвестициялар тарту міндеттерін қамтамасыз етуге қолайлы жағдайлар ұсынуда.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы құрылды.

Қала әкімшілігі әзірге дәстүрлі емес бағыт - мемлекеттік-жеке әріптестікке зор көңіл бөліп отыр. Бүгінде бютжеттен тыс көздерден қаржыландырылатын елорданың коммуналдық жағдайларын жақсартуға бағытталған бірнеше жоба пысықталуда. Олардың арасында - екі жаңа автовокзал құрылысы жобасы бар, ол жұмыс істеп тұрған автовокзалдың жүктемесін бөлісетін болады, қажетті бағыттарға қарай қаладан шығудың ынғайлылығын қамтамасыз етеді, сөйтіп, қала жолдарының жүктемесін азайтады деп күтілуде. Сондай-ақ қала көшелеріндегі жолдардағы жүктемені азайтуда арнайы бөлінген жолақпен жүретін жүрдек автобус қатынастары жобасын жасаудың маңызы үлкен, бұл сонымен бірге діттеген жерге жететін жолдағы уақытты да қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жолаушылар ағыны күніне 370 мың адамға жетеді. Тағы бір жаңалық - қолжетімді қызметтер мен төлемдерді бақылаудың автоматты жүйесімен жабдықталған 10 жаңа автотұрақ салу болмақ. Қала халқының үнемі өсіп отырғаны, сонымен қатар олардың табиғи өсімі ескеріле отырып, жеті мектепке дейінгі мекеме салу жоспарланып отыр. Бұл салада бәсекелестікті және қызмет сапасын арттыруда жобаларға жеке секторды қатыстыруды ұлғайту да өз септгін тигібек. Сондай-ақ Железнодорожный кентінде дәрігерлік амбулатория салу идеясы да өзекті.

Инвесторларды тарта отырып, мемлекеттік-жеке әріптестік схемасы бойынша бұл жобаларды жүзеге асыру 64 млрд. теңгеге тарта жергілікті бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік бермек.

Қазіргі кезде мемлекеттік-жеке әріптестік схемасы бойынша ұйымдастырылған жобаларды жүзеге асыру жөнінде инвесторларды хабардар ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізіуде. Осы бағыттардың бірі өз концессионерін тапты да. Француздың Vinci компаниясы қаланың сол жағалауында үш автотұрақ салуға мүдделілігін білдірді.

Қазақстанда құрылған бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жыл санап инвесторларды көптеп тарта беретіні кәміл. Шикізаттық емес салалардағы жаңа бастамалардың көпшілігі нақ осы Астанадан бастау алуының мәні зор.

Соңғы жаңалықтар