Инвесторларға қазақстандық ғалымдар «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясындағы жаңа 50 өнертабысты ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 10 маусымда Астанада қазақстандық ғалымдар инвесторларға «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясында іске асырылатын 50 жаңа өнертабысты ұсынады.

Инвесторларға қазақстандық ғалымдар «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясындағы жаңа 50  өнертабысты  ұсынады

Шараның басты ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Дүниежүзілік банк және «CRDF Global» азаматтық зерттеулер америка қорымен бірге Технологияларды коммерцияландыру орталығы.

Кеңеске кәсіпкерлік және бизнес, отандық және шетелдік венчурлық инвестициялау, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, АҚШ және Ресей Федерациясында технологияларды коммерцияландыру саласындағы шетелдік сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ шара барысында ғалымдар мен инвесторларға арнап технологияларды коммерцияландыру мақсатындағы «Ғылыми портал» жаңа қосымша тұғырнамасының таныстырылымы өткізіледі. Портал виртуалды технологиялық брокерлік алаң ретінде болады. Жүйе ашық инновациялар қағидатының тұжырымдамалық тәсілдеріне негізделген. Тұғырнаманың басты миссиясы - пайда алу үшін қазақстандық өнертабыстарды және технологияларды коммерциялық айналымға енгізу, деп хабарлады Технологияларды коммерцияландыру орталығынан.