Инженерлер күн батареясымен жұмыс істейтін ұшақ ойлап тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық инженерлер күн батареясымен жұмыс істейтін, «SI2» атауын алған, Пайерн қаласының әскери әуежайының алаңында көрсетілген екінші ұшатын аппарат жасап шығарды. Ұшақтың алғашқы ұшуы 2015 жылға жоспарланған.
Алдыңғы үлгімен салыстырғанда, жаңа ұшатын аппарат бір командирге арналған, қанаты бар, ұзындығы 72 метр, салмағы екі жарым тоннадан асады.
Таныстырылымда хабарлағандай, ұшатын аппарат сегіз жарым шақырым биіктікке көтеріле алады екен, бұл ретте оның ең көп қуаты төрт айналмалы қозғалтқышпен небәрі жетпіс жылқының күшімен шектеледі.
Ресми жоспарға сәйкес аппараттың ұшу сынағы ағымдағы жылғы мамырға қарай орын алмақ, ал нақты ұшу 2015 жылға жоспарланған, деп жазады шетелдік БАҚ.