«Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ-ның төленген жарғылықты капиталы 9,7 миллиард теңгені құрады

АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазіргі кезде «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ-ның төленген жарғылықты капиталы 9,7 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Астанада Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 6 ай қызметінің қорытындылары мен екінші жартыжылдық жоспарларына арналған алқа мәжілісінде «Инжиниринг және технология трансферті» АҚ-ның басқарма төрағасы Саят Нүсіпов айтты.

«Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ-ның төленген жарғылықты капиталы 9,7 миллиард теңгені құрады

Атап айтқанда, бұл қаржы технопарктерді құруға және жабдықтауға, салалық конструкторлық бюроларды құруға, шетелдік жоғары технологиялық компаниялардың акцияларын алуға және басқа да маңызды жобаларға бағытталмақ.

Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының басты мақсаты - еліміздегі индустриялық-инновациялық дамытуды жүзеге асыру, отандық кәсіпорындардың басқарушылық, техникалық және технологиялық деңгейін жаңғырту болып табылады. Ал, негізгі бағыттар, - жаңа технологиялар инжинирингісін, бизнес инкубаторлау, технологиялар трансферті және инновациялық инфрақұрылымды дамыту.