16:10, 01 Тамыз 2015 | GMT +5
IOI президенті Қазақстанда өткен олимпиаданың ерекшеліктерін атады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - IOI президенті Красимир Манев Қазақстанда өткен олимпиаданың ерекшеліктерін атады.

Оның айтуынша, Қазақстандағы Олимпиадаға 26 жылдық тарихта тұңғыш рет рекордтық көлемде қатысушы қатысты.
Айта кетейік, оған əлемнің 83 елінен 630 делегат келді. "Бұл олимпиадаға тарихта тұңғыш рет 324 бала қатысты. Əлемнің 83 елінен келді. Бұл тарихта болмаған. Қатысқан елдердің саны да рекордтық болып отыр. Қабылдаушы мемлекет Қазақстан өз міндетін абыроймен атқарды",- деді К.Манев.
IOI президенті олимпиада өткізілген Қазақ ұлттық университетінің өте ыңғайлы орналасқанын атап өтті.
"Барлығы өте ыңғайлы, бір жерде орналасқан. 2 тур өткен компьютер орталығы, жатақхана, асхана бəрі бір-біріне жақын орналасқандықтан, жарысқа барынша дайындалдық",- деді К.Манев.