Иордания әлем чемпионатына алғаш рет қатысады
АСТАНА. KAZINFORM – Иордания өз тарихында алғаш рет алдағы әлем чемпионатына қатысып, әлемдік футболдың бас жүлдесі үшін бақ сынасатын 48 команданың бірі болады.
JordanWorldCup ресми ақпарат порталының хабарлауынша, бұл ерекше жетістік – Иорданияның спорт тарихындағы маңызды оқиға және көпжылдық қажырлы еңбектің нәтижесі.
Иордания әлем чемпионатының іріктеу ойындарында 32 гол соқты, бұл оның бір іріктеу науқанындағы ең үздік нәтижесі.
Иорданиядан басқа биыл әлем чемпионатында дебют жасайтын тағы үш команда бар: Кабо-Верде, Кюрасао және Өзбекстан.
Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді, бұл ретте Иордания Аргентина, Алжир және Аустриямен бірге J тобына түседі.
Турнирге қатысатын командалар саны 32-ден 48-ге дейін, ал матчтар саны 64-тен рекордтық 104-ке дейін көбейді.
Осыған дейін Иранның футбол құрамасы 2026 жылғы ӘЧ-ға арналған жаттығу базасын АҚШ-тан Мексикаға көшіретінін жаздық.
Сондай-ақ Өзбекстан ұлттық футбол құрамасы Нью-Йорктегі қауіпсіздік тексерісінен өткені хабарланды.