Иордания Елшілігі меймандарды киіз үйде қарсы алды

АММАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі 58-ші жыл сайынғы халықаралық дипломатиялық базар мерекесіне келушілерді киіз үйде қарсы алды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Иордания Елшілігі меймандарды киіз үйде қарсы алды

Киіз үйге Иордания ханшайымы Басма Бинт Талал мен отандастарымыз барған.

Іс-шарада Иорданияда аккредиттелген 30-ға жуық дипломатиялық миссияның бірлескен күшімен мәдениеттер мен этностардың ұлттық өнері ұсынылды.

Елшілік ұлттық кәдесыйларды сатудан түскен қаражатты Мабаррат Ум әл-Хусейн институтына, сондай-ақ Иорданиядағы тұрмысы нашар отбасыларда тәрбиеленетін балалардың білім қажеттілігіне жолданды.