Иордания ханзадасы әл-Хусейн бин Абдулла II мен ханшайым Раджва әл-Хусейн қызды болды
АСТАНА. KAZINFORM – Иордания ханзадасы әл-Хусейн бин Абдулла II мен ханшайым Раджва әл-Хусейннің отбасында сәби дүниеге келді. Бұл туралы english.alarabiya.net жазды.
Нақтырақ айтқанда, Иорданияның Корольдік сарайы осы елдің тақ мұрагері Әл-Хусейн бин Абдулла II-нің отбасына жаңа адам қосылғанын хабарлады. Оның әйелі Раджва әл-Хусейн қыз туды.
Иордания королі Абдалла II әлеуметтік желіде немересінің дені сау, бақуатты болып өсуіне тілектестік білдірген жазбасын жариялады.
Жұп өткен жылдың маусым айында отау құрды. Үйлену тойы Захран сарайының алаңында дәстүрлі исламдық рәсіммен басталды, содан кейін Амманның халық көп жиналатын көшелері арқылы Әл-Хусейн сарайына дейін шеру өткізді.
Сол күнгі құрметті қонақтар тізімінде Әбу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхамед, АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден, Уильям ханзада және Уэльс ханшайымы Кэтрин және Катар Әмірінің анасы Тамим шейх Моза бинт Насер сияқты әлемдік көшбасшылар мен корольдік отбасы мүшелері болды.
سمو الأمير الحسين بن عبدالله الثاني، ولي العهد، يؤذن في أذن مولودته، سمو الأميرة إيمان بنت الحسين، اقتداء بسنة رسول الله، صلى الله عليه وسلم #الأردن #نبارك_للحسين pic.twitter.com/tqL46acUEv
— RHC (@RHCJO) August 3, 2024