Иордания Ирандағы Елшісін шақыртып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иордания үкіметі Тегеранның Парсы шығанағындағы араб елдерінің ішкі істеріне араласуы мәселесі бойынша кеңес жүргізу үшін Ирандағы Елшісі Абдолла Әбу Румманды елге шақыртып жатыр.
Иорданияның БАҚ істері және коммуникациялар жөніндегі министрі Мохаммел Моманидің айтуынша, Иранның қазіргі саясаты дағдарыс пен аймақтағы тұрақсыздыққа әкеліп соқтырады.
Министр сондай-ақ Тегеранды көршілес араб елдерімен сенім қатынастарын құруға шақырды.
Қаңтар айының басында Сауд Арабиясы Иранмен дипломатиялық қатынастарды үзді. Бұған Тегеранның мәлімдемелері мен Ирандағы Сауд Елшілігіне жасалған шабуыл себеп болған.