Иордания Орталық банкі төрағасының орынбасары ҚР Ұлттық банкі басшылығының жұмысына жоғары баға берді

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Иордания Хашимиттер Корольдігіндегі Елшісі Болат Сәрсенбаев Иордания Орталық банкі төрағасының орынбасары Мохаммед Шахинмен кездесті,

Иордания Орталық  банкі төрағасының  орынбасары ҚР Ұлттық банкі басшылығының   жұмысына жоғары баға берді

деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында иорданиялық банкирдің мамырдың 28-30-ы аралығында Алматыда өткен Орталық Азия, Қара теңіз аймағы және Балкан елдерінің Орталық банк басшылары клубының 23-ші мәжілісіне қатысу жайы талқыланды. М.Шахин мырза өткізілген шараға жоғары баға бере келе, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басшылығының кәсібилігін атап өтті.

М.Шахин мырза сондай-ақ, қаржы және банк салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жақын арада Иордания Орталық банкі төрағасы Умайя Туканның атынан ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконың атына Иорданияға шақыру жіберілетінін айтты.