Иорданияда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, бес әскери қызметші зардап шекті
АСТАНА. KAZINFORM — Иордания қарулы күштерінің тікұшағы әдеттегі жаттығу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Аммандағы меншікті тілшісі.
18 қараша, сәрсенбі күні Иорданиядағы әскери жаттығу кезінде Black Hawk тікұшағы апатқа ұшырады. Иордания Қарулы Күштерінің Бас қолбасшылығының мәліметі бойынша, бес әскери қызметші зардап шеккен, олардың бірі ауыр жарақат алды.
بيان صادر عن القيادة العامة للقوات المسلحة الأردنية الجيش العربي صرح مصدر عسكري مسؤول في القيادة العامة للقوات المسلحة الأردنية ، أنه وأثناء تنفيذ تمرين عسكري تدريبي، تعرضت إحدى طائرات الهليكوبتر من طراز بلاك هوك لحادث تحطم. وقد باشرت الفرق المختصة إجراءات الاستجابة للحادث، وتم اتخاذ التدابير اللازمة للتعامل مع الموقف. وتؤكد القيادة العامة أن سلامة منتسبي القوات المسلحة تأتي في مقدمة أولوياتها، وأنه سيتم الإعلان عن أي مستجدات وفقاً للإجراءات المعتمدة. #الأردن #القوات_المسلحة_الأردنية #الجيش_العربي
— Jordan Armed Forces (@ArmedForcesJO) November 18, 2026
Ресми мәлімдемеге сәйкес, төрт әскери қызметші жеңіл жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы Әлия патшайым әскери ауруханасына жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алып жатыр.
Қолбасшылық зардап шеккендердің жағдайы үнемі бақыланып жатқанын және оларға медициналық көмек көрсету басымдық екенін атап өтті.
Black Hawk — әскерлерді тасымалдау, іздеу-құтқару миссиялары және арнайы операциялар үшін пайдаланылатын көп мақсатты әскери тікұшақ, Америкадан шығады. Апаттан кейін бірден оқиға орнына мамандандырылған бөлімшелер келіп, тазалау және қауіпсіздік операцияларын бастап кетті.
Апаттың себебі мен нақты орны ресми мәлімдемелерде айтылған жоқ.
Қолбасшылық сонымен қатар азаматтарды қауесет таратудан бас тартуға және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сүйенуге шақырды.
Бұған дейін Түркияда S-70 тікұшағы апатқа ұшырап, төрт әскери қызметкер қаза тапқанын хабарлағанбыз.