Иорданияда қазақстандық сайлаушылардың 97,46%-ы дауыс берді

АММАН. ҚазАқпарат - Амманда ҚР-дың сайлау туралы заңнамасына сәйкес 20:00-де ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарына дауыс беру тоқтатылды. Иорданиядағы №228 сайлау учаскесіне сайлаушылардың 97,46%-ы келді. Қорытынды нәтиже дауыстарды санап болғаннан кейін белгілі болады.

Иорданияда қазақстандық сайлаушылардың 97,46%-ы дауыс берді

«Аммандағы сайлау учаскесіне ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау үшін 79 дауыс берушінің 77-сі келді. Бұл 97,46% көрсеткішке тең. Иорданиядағы біздің азаматтарымыз елдің болашағы үшін өте жоғары жауапкершілік пен белсенділікті паш етті. Бұған олардың қатысу көрсеткіші дәлел», дейді учаскелік комиссия төрағасы Б.Омаров.
null null