Иорданияда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты кеш өтті

Ресми қонақасыға Иорданияның бұрынғы Премьер-министрі, Ислам әлемі ғылым академиясының президенті, Әлемдік қатынастар академиясының президенті, профессор Әбдүс-Сәлам әл-Мәджали, Иордания Король сарайының басшысы, бұрынғы Сыртқы істер министрі Маруан әл-Қасим, ИХК Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Мұхаммед Дахер жоғарғы мәртебелі тұлғалар қатысты.
Жиналған мәртебелі қауым алдында сөйлеген сөзінде Елші Б.Сәрсенбаев Елбасы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қайратты да қажырлы көшбасшылық рөлі, көп векторлы саясаты туралы кеңінен баяндады.
Қабылдауға қатысқан иорданиялық тараптың басты ресми қонағы - Иордания Хашимит Корольдігінің экс-премьер-министрі, профессор Әбдүс-Сәлам әл-Мәджали өз кезегінде Иордания халқының ыстық ықыласты, ізгі ниетті құттықтауларын жеткізіп, Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың заманымыздың аса ірі реформаторлық тұлғасына, еліміздің жемісті даму жолы мен айрықша қоғамдық моделіне аса жоғары баға берді.
Аталған іс-шара барысында қонақтарға ағылшын тілінде Қазақстан туралы деректі кинофильмі көрсетіліп, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.