Иорданияда сайлаушылардың 81,6 пайызы дауыс берді
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Елшілігінің жанындағы №222 сайлау учаскесі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша өз жұмысын аяқтады.
Сайлаушылардың 81,6% дауыс берді, деп хабарлады елшіліктен.
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде Иордания тарапынан сайлауға Ішкі істер министрлігі жанындағы сайлау бойынша департаменттің директоры Саад Хусейн әл-Шахаб басқаратын делегация қатысты.
Қазақстанның сайлауы туралы мақалалар Иордания БАҚ-тарында жиі жарыққа шықты. Иорданияның «Petra» ұлттық ақпарат агенттігі, «ад-Дастур», «Джордан Таймс» газеттері, сондай-ақ бірнеше интернет-басылымдары сайлау жүйесін демократизациялау бойынша Қазақстанның ұмтылыстарына жоғары баға беретін мазмұнды мақалалар жариялады.