Иорданиядағы Израиль елшілігі аумағында атыс болды — БАҚ
АСТАНА. KAZINFORM — Иордания астанасы Аммандағы Израиль елшілігі аумағында атыс болды. Бұл туралы Reuters жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.
«Иордания полициясы Израиль елшілігі орналасқан аумақты қоршауға алғаннан кейін атыс естілген», — делінген агенттік хабарламасында.
Куәгердің сөзіне қарағанда жергілікті полицейлер аумақты қоршаған, аталған аумақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаруланған адам көз жұмған, бұдан бөлек 3 полицей атыстан жараланған.
Еске салсақ, бұған дейін хабарлағанымыздай Иордания соты ел парламентінің бұрынғы депутаты Имад әл-Адуанды 10 жылға соттады. Оған Иордан өзенінің Батыс жағалауына контрабандалық жолмен қару тасымалдаған деген айып тағылды.