Иорданиядағы ҚР Елшілігінде сайлаушылардың 43% дауыс берді

АММАН. ҚазАқпарат - Жергілікті уақытпен сағат 12:00 жағдай бойынша Амман қаласындағы ҚР Елшілігіндегі № 228 сайлау учаскесіне дауыс беру үшін келген сайлаушылардың саны 43% құрады.

Иорданиядағы ҚР Елшілігінде сайлаушылардың 43% дауыс берді

Тізімде ҚР 79 азаматы бар. Күннің бірінші жартысында солардың 34-і дауыс беруге барған. Бұл - 43%.

Сайлауға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілгенін есепке алғанда дауыс беруге келушілердің үлесі кем дегенде 97-98 пайызды құрайды деп күтілуде.

«Сайлауға бірнеше күн қалғанда Иордания университетінде студенттермен кездесу өтті. Оларға қосымша хабарландыру жасалды. Сонымен қатар, сайлау туралы хабарландыру «сандық дипломатия» инструменттері және әлеуметтік желілер бойынша жүргізілді. Сайлаушылар, басым бөлігі жастар сайлауда жоғары белсенділік танытатынын көрсетті», - деді Амман қаласындағы № 228 сайлау учаскесінің төрағасы Балтабай Омаров.
null null