Иорданиядағы ҚР Елшілігінде сайлаушылардың 90%-ы дауыс берді (ФОТО)

АММАН. ҚазАқпарат - Амман қаласындағы ҚР Елшілігіндегі №228 сайлау учаскесіне ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына дауыс беруге келген сайлаушылар саны жергілікті уақытпен сағат 17:20-да 89,87%-ға жетті. Бұл туралы № 228 сайлау учаскесінің хатшысы Әсемхан Смағұлов мәлімдеді.

Иорданиядағы ҚР Елшілігінде сайлаушылардың 90%-ы дауыс берді (ФОТО)

«Иорданиядағы Қазақстан азаматтарының белсенділігі сағат 14:30-да басталды, бұл кезде көптеген студенттер оқудан босады, сағат 17:20-да Иорданияда дауыс берушілер саны 71 адамға жетті, бұл жалпы көрсеткіштің 89,87%-ы», - деді Ә.Смағұлов.

Сайлау заңнамасына сәйкес, жергілікті уақытпен 20:00-ге дейін жалғасады. Бюллетеньдерді санаған соң қажетті нәтижелермен құжаттар ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
null null null null