Иорданияға өткен сириялық босқындар саны 650 мыңға жетіп отыр

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның жасаған мәлімдемесіне қарағанда, Сирия босқындарының дені Иорданияға өтіп жатыр.

Иорданияға өткен  сириялық босқындар саны 650 мыңға жетіп отыр

Тіпті соңғы күндердің өзінде 6,5 мыңға жуық сириялықтар шекара асқан. Ал жалпы шиеленіс басталғаннан бері бұл елге пана іздеп келген адам саны 650 мыңға жеткен. Олардың дені - қарттар, әйелдер мен балалар. БҰҰ Сирияның көмек қорына 1,5 миллиард АҚШ доллары қаржы жинау мақсатында ағымдағы айдың аяғында Кувейтте арнайы конференция өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24.kz..