Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Иорданиялық миллиардер Ыстанбұлдағы лаңкестік құрбандарының бірі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Жаңа жылда Ыстанбұлда жасалған лаңкестік құрбандарының бірі ирак тумасы иордандық бизнесмен болды, ол Mahdi Мохаммад әл-Сарраф (Mohammad Al Sarraf) компаниясы тобының негізін қалаушы. 

 Иорданиялық миллиардер Ыстанбұлдағы лаңкестік құрбандарының бірі болды

Бұл туралы сейсенбі, 3 қаңтарда The Jordan Times хабарлады.

Reina клубына миллиардердің досы  Наврас  Ассафпен (Nawras Assaf) келгені атап өтіледі. Ол да қарулы қақтығыстан көз жұмды. 

Басылым деректеріне сәйкес достар жұбайларымен бірге Ыстанбұлға мерекеге келген. «Ассафтың жұбайы жарақат алды, ол қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Саррафтың әйелі мен клубта болған тағы бір иордандық жұп та  зардап шекті», - деп атап өтеді басылым.