13:50, 22 Қазан 2012 | GMT +5
Иорданияның билік өкілдері «Әл-Кайедаға» қатысы бар 11 адамды тұтқындады
None
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органдары лаңкестік «Әл-Кайеда» ұйымына қатысы бар 11 адамды қамауға алғандары жайлы хабарлады, деп жазды Associated Press.
Тұтқынға алынған 11 лаңкес ел ішінде бірқатар терактілерді дайындаған, оның ішінде - батыс елдерден келген дипломаттардың өлтірілуі мен қоғамдық орындарда жарылыс заттарын іске қосу. Расталмаған ақпаратқа қарағанда, лаңкестер қару мен жарылғыш заттарды Сириядан алған.